Білім күні

Қыркүйек айының 1-і күні  мектебімізде 2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.  “Сыңғырла, күміс қоңырау” атты мерекелік  іс-шарадан соң әр сыныпта  “Саналы ұрпақ-жарқын болашақ” атты  жалпы республикалық азаматтық және  патриоттық сабақтар өткізілді.   

Май Жібек жолы

Май ауданының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында “Май Жібек жолы”  керуені ұйымдастырылды.  Үш күнге созылған шара  Көктөбе- Ақшиман-Торайғыр  бағытында өрбіді.    

1-маусым-Балаларды қорғау күні!

1-мамыр күні  аудандық  алаңда  аудандық  мектептерден  ертегі кейіпкерлеріне еңген  оқушылар  келіп,  өз  өнерлерін көрсетті.  Біздің мектеп оқушылары  “Буратино”  ертегісін сомдап, өнерлерін паш етті.

Бес тас /ханталапай/

Мамыр айының 17-сә күні  аудандық   спорт  мектебінің базасында 2008-2010 жылғы  оқушылар арасында  асық ойындары өтті.  “Бес тас” ойындары  нәтижесі бойынша 4-сынып  оқушысы Бекишева Ақсұңқар  мен 5- сынып оқушысы Болысбекова Ақнұр  жүлделі 2-орынға  ие болды.  Жеңіс құтты болсын!

“Жас инспектор” сайысы

Мектеп оқушылары  аудандық “Жас инспектор” сайысына  қатысты. Жекелей сында 6-сынып оқушысы  Серікбай  Әлімжан 3-орынға ие болды.

Ұлы Жеңіске 74 жыл!

Мамыр айының 8-і күні  мектебімізде Жеңістің 74 жылдығына арналған  мерекелік концерт болып өтті.

1-мамыр- Бірлік күні

1-мамыр-  күні Ақшиман мектебінде  оқушылар мен  мектеп ұжымы  мерекелік шеруге шығып, әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін биледі.