“Маусымашар – 2020”

Ақпанның 3-10 жұлдызы аралығында Нұр – Сұлтан  қаласында өтіп жатқан “Маусымашар – 2020” төрін мектебіміздің “Бері қара” квн командасы бағындырып жатыр. Командамызға сәттілік тілейміз!Тек қана алға!

Алтын Орда – 750 жыл!!!

“Рухани жаңғыру”,”Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламалары аясында өтіп жатқан мерейтойлар біздің мектептен де шет айналған жоқ. Атап айтқанда, тарих пәнінің ұстазы  оқушыларға “Алтын Орда – 750 жыл” атты сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар қазақ хандығы мен моңғол империясының байланысын түсініп, мемлекетіміздің іргеі қалай қаланғаны туралы жаңа білімдер алды.

Абай 175 Altyn orda 750 Ulyq Ulys logo Брендбук Аль-Фараби 09 01 2020

Қош келдің Жаңа жыл -2020!

29 желтоқсан күні мектебімізде  Қош келдің Жаңа жыл атты мерекелік іс-шара болып өтті.Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен  өткен мерекеде оқушылар шыршаны шыр көбелек айнала ән салып, би билеп,бар өнерін ортаға салды.  

Жайдарман.Финал.

Облыстық жайдарман ашық лигасының қатысушылары мектебіміздің “Бері қара” командасы қанжығасы майланып 3 орынға ие болды.Құттықтаймыз!!

“Тәуелсідік – тұғырым” Конституция күні

  Тәуелсіздік мерекесі – елімізде аталып өтілетін ұлық мейрамдардың бірі. Ұлық мерекеге  орай Ақшиман мектебінде мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік іс-шарада ауыл әкімі Қ.Бакауов сөз сөйлеп, одан кейінгі іс-шара мектеп оқушылары дайындаған би,өлең – жырларымен өрілді.

Тұңғыш Елбасы!

1 желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне орай 27 қараша күні мектеп кітапханашысы балаларға Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет оқып,дөңгелек үстел мен  викторина ұйымдастырды.

Жайдарман-1/2.

Қараша айының 25 жұлдызында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен Жайдарман 1/2 кезенінде ауданымыздың намысын қорғап жүрген “Бері қара” құрамасы финалдық кезеңге жолдаманы жеңіп алды.Финалда топ жаруына шын жүректен тілектеспіз.