“Қош келдің, әз Наурыз!”

By | 21.03.2019
2019 ж 19 наурыз күні сағат 14.00 -де  мектептің фойесінде музыка ойналып тұрды.
   Наурыз барша исі мұсылман халықтарының Жаңа жыл мерекесі. Мектете барлық ұстаздар, оқушылар ұлттық киімде болды. Сынып сағаттары 1-9 сыныптар аралығында «Қош келдің, әз Наурыз» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында қазақ халқының асық ойыны,арқан тарту, қазақша күрес т.б ұлттық ойындарын көрсетті.  Мектеп оқушылары, мектеп ұстаздары жасаған Наурыз көженің дәмін татып мәз болды. Сынып оқушылары қабырға газеттерін, байнерлер жасап мектеп фойесін безендірді.
  «Нұр себелер, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті. Концертті Наурыз ата ашты. Биші қыздар «Қазақ қыздары» биін биледі. Сахнаға Жер ана шығып, жыл басы Наурыз тойын бастады.
     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.