18 қаңтар күні 4 сынып мұғалімі жас маман Хасенова Мөлдір Айтболатқызы “Сөз таптары” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды