“Дене мүшелері” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ

By | 01.02.2019

Биыл  мектебімізге  жаңадан  келген ағылшын  тілі пәнінің  мұғалімі    жоспар бойынша 17 қаңтар күні 2 сыныпта “Дене мүшелері” тақырыбында  ашық сабақ  өткізді. Жаңа сабақтың мақсаты – оқушыларды тақырыптық жаңа сөздермен таныстыру, тілдік дағдыларды, яғни, тыңдау, жазу, айту, оқушылардың тақырыпты меңгеріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануларын қадағалау. Жаңа сабақ қуыршақты сипаттаудан  басталып, мұғалім балалардың назарын бірден өзіне аударды. Абылай  Бахтығалиұлы жаңа тақырыпты ашу үшін алдыңғы сабақтармен байланысты өрбіте жалғастырды. Оқушылардың қызығушылығын жоғалтпас үшін мұғалім психологиялық жағымды ахуалдың маңыздылығын ескеріп, әр баладан хал сұрауды да назардан шығармады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған