Мектеп Директорының Блогі

By | 09.10.2013

20161020_102338

Біздің басшы  

Егинбаева Салтанат Қаниқызы – теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі шыңдалған ұстаз,  жоғары білікті  басшы.   Кәсіби шеберлігі артқан ұстаз математика  пәнінен  оқушылардың білімдерінің тереңдігін дәлелдеумен қатар, мұғалімнің  кең ауқымды білімдарлығы мен шығармашылық қарымның жоғары екендігін көрсетеді. Озық педагогикалық тәжірибелі ұстаз әрдайым әріптестерімен іс- тәжірибе бөлісіп, тәлімгерлікпен шебер жетекшілік етуші  өз ісінің майталманы. Өзі және оқушыларына  талап қоя білетін, жауапкершілігі мол, тәжірибелі ұстаз.

Мектептің бүгінгісі:

Сапалы білім беру үшін ұжымдағы қызметкерлерге жағдай жасау керек. Директор ретінде санаймын: әр қызметкерге мүмкіндігінше, жақсы еңбек етуге жағдай жасап, кәсіби деңгейлерін көтеруге ықпал етіп, жұмыс орнын заманауи техникамен, әдістемелік әдебиетпен жабдықтау қажет. Бір-біріне көмек көрсету, демеу жасау, сыйластықпен қарау, әкімшілік пен педагогикалық ұжым және кәсіподақ арасындағы әрекеттік ұжымда іскерлікпен жұмыс жасау ықпал береді. Ұжымның табыстығына ата-аналар қауымымен бірігіп жұмыс жасау да зор үлес қосады. Ата-аналармен ынтымақтастық - мұғалімнің табыстық кепілі. Мектептің мақсаты – кез-келген мәселені шеше алатын, бойына азаматтық қасиеттерді сіңірген оқушы тұлғасын қалыптастастыру. Кәсіби деңгейін көтеру және отбасы, мектеп қоғам ынтымақтастығы арқылы мектепті құру жолдарын қазіргі күні біздің ұжым іздену үстінде. Әдістемелік жұмысты жаңғырту, дәстүрлі емес оқыту техникаларын іздеу  арқылы ғана бұл мақсатқа жетеміз

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.