Category Archives: Басты

Мектептің паспорты
Мектеп: «Ақшиман жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
Типі: орта мектеп
Құрылған жылы: 1981
Бағыныштылық түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Лицензия: № 12016573 «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі
Оқушылар саны: 24, барлық оқушы ыстық тамақпен 100% қамтылған, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасынан – 10, жаппай оқыту қорынан – 6, 1-4 аралығында – 14 бала , қалған оқушылар демеушіліктен тегін тамақтанады.
Біріктірілген сынып:5
Сынып саны және сынып комплектісі: 9 / 5
Педагогикалық қызметкерлер туралы мәлімет: 11, оның ішінде жоғары білімді-8, арнаулы орта- 3, І санатты-4, ІІ санатты – 1,санатсыз – 6.
Техникалық жұмыскерлер туралы мәлімет: 22
Бөлмелердің ауданы туралы мәлімет: жалпы ауданы-3634 кв.м, мекеменің жұмыс ауданы -1679 кв.м, класс бөлмелер саны-10, оның жалпы ауданы-500 кв.м.
Мектеп кітапханасы туралы мәлімет : кітап саны-9055, оқулықтар саны -3842
Интернет желісі: 1
Интербелсенді тақта: 1
Компьютерлер саны :12, бір компьютерге 2 баладан келеді.

Еңбектің ақталғаны

31 қаңтар күні Ақшиман НОББМ  5-6 сынып оқушыларынан  құралған “Торнадо”  би ұжымы  “Ақ шағала”  би сайысының аудандық кезеңінде 2-орынға ие болып,  сыйлықтармен  марапатталды.

“Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы

25 қаңтар күні  Май ауылында  өткен “Жарқын болашақ” XI  республикалық КАTAEV қазақ тілі олимпиадасында  7 сынып оқушысы Тұрсынбек Ақжол “Әнші-бұлбұлдар”  бағыты бойынша  3-орын иеленді.  9 сынып оқушысы  Ғазизов Ұлан “Сөз шеберлері” бағыты бойынша 1-орын алып, облыстық кезеңінде  Май ауданының намысын қорғайды.

“Қыс қызығы” сурет көрмесі

Бейнелеу пәнінің мұғалімі  Нұрбек Балтабекұлы ұйымдастырған  «Қыс қызығы» көрмесінде  жеңімпаздар  дауыс беру арқылы анықталды.  1-орын  4- сынып оқушысы Бекишев Нұрсұлтан, 2-орын 3- сынып оқушысы Ерсаинов Дарын, 3-орын  2-сынып оқушысы  Бекишева Адема  марапатталды.

Жігіт сұлтаны-2019

26 қаңтар күні  бастауыш  жігіттері арасында «Жігіт сұлтаны —2019»  сайысы болды.  4 кезеңнен  тұрған  жарысқа  әділ-қазы алқасы  төрелік етті.  Жігіттің өнері мен білімі тең түскен сайыста  2-сынып оқушысы Қойшыбай Нұртөре «Жігіт сұлтаны» атағына  иеленіп, 3-сынып оқушысы Әбілет Ақмәді        2-орын,  4-сынып оқушысы Бекишев Нұрсұлтан 3-орынға ие болып,  дипломдармен марапатталды.   Жігіттерімізге тілейтініміз болашақта қаққан… Толығырақ »

Жас маман талпынысы

18 қаңтар күні    4 сынып мұғалімі   жас маман  Хасенова  Мөлдір Айтболатқызы   “Сөз таптары” тақырыбында  ашық сабақ  өткізді.  Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды

“Дене мүшелері” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ

Биыл  мектебімізге  жаңадан  келген ағылшын  тілі пәнінің  мұғалімі    жоспар бойынша 17 қаңтар күні 2 сыныпта “Дене мүшелері” тақырыбында  ашық сабақ  өткізді. Жаңа сабақтың мақсаты – оқушыларды тақырыптық жаңа сөздермен таныстыру, тілдік дағдыларды, яғни, тыңдау, жазу, айту, оқушылардың тақырыпты меңгеріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануларын қадағалау. Жаңа сабақ қуыршақты сипаттаудан  басталып, мұғалім балалардың назарын бірден өзіне… Толығырақ »

Табиғат білгірлері

16 қаңтар күні  дүниетану пәнінің мұғалімі  Жакупова Динара  Шакиретқызы    1-4 сыныптар арасында”Табиғат білгірлері” атты сыныптан тыс шара  өткізді.   Оқушылар топқа бөлініп,  карточкалық тапсырмалар, ауызша  сұрақ-жауап, т.б қызықты  тапсырмаларды  орындап,  белсене қатысты.

Ашық сабақ

16 қаңтар күні    мектебімізге биыл келген жас маман  Акимбекова Айжарқын Ашкенқызы  3 сыныпқа  “Мәтін және оның түрлері” тақырыбына  ашық  сабағын  өткізді.  Ашық  сабаққа  ұстаздар қатысты.   Айжарқын  сабақтың мақсатына жетті деп ойлаймыз.  Өйткенді  “Білім беру мазмұнын жаңарту” аясында  әр түрлі  әдіс-тәсілдері  қолданып, сабақ  қызықты да, тартысты өтті.

Аппликация сиқыры

Ақшиман негізгі орта білім беретін мектебінде   бастауыш сынып мұғалідері  ұйымдастырған   бастауыш  онкүндігінде  еңбекке баулу пәнінің мұғалімі  Жумадилов Нұрбек Балтабекович  1-4  сыныптар арасында  “Аппликация сиқыры” атты қол өнер көрмесін өткізді.  Үздік аппликация жасаған  3- сынып оқушысы  Мускенова Ақмарал және Ерсаинов Дарын.  2-орын иегерлері  1- сынып оқушысы Кайсина Аружан  мен 2- сынып оқушысы Бекишева Адема. 3- орынды … Толығырақ »

“Көңілді старт” спорттық жарыс өтті

15-і қаңтар күні Ақшиман  НОББ мектебінің спорт залында жыл сайын үрдіске айналған мекеме қызметкерлері арасында өтетін «Көңілді старт» спорттық сайысы ұйымдастырылып, шара өте тартысты өтті. Сайысқа  Ақшиман НОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларынан құралған «Қыран 1», «Қыран”2», «Бәйтерек”  командалары  берілген 6 шарт бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шеңбер ішінде ұйымдасқан ұжым болып… Толығырақ »