“Тәй – тәй” шоу

3 наурыз күні мектеп жанындағы Балауса шағын орталығында кіші топта “Тәй-тәй” шоу сайысы өтті.Сайысқа 3 отбасы қатысып, ал,ыс хаттар мен грамоталармен марапатталды.

“МИФ”апталығы

24 ақпан күні мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Пажир Ахсунхар “МИФ” апталығын ашып,жоспарымен таныстырды.

Денсаулық күні!!!

21 ақпан күні аудан бойынша денсаулық күні атап өткізілді. Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Темешов Азамат Канатович оқушылар арассында көңілді старт жарысын ұйымдастырды. Оқушылар флешмоб билеп, үш команда арасында эстафеталық жарыст ар болып өтті.

Жарқын болашақ -2020!

21 ақпан күні Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық Жарқын болашақ сайысы болып өтті. Оқушыларымыз түгелдей орындарға ие болып келді: Ерсайынов Ералы – 3 орын, Серікбай Алимжан – 3 орын, Газизова Ақбота – 2 орын , Тұрсынбек Ақжол – 2 орын. Оқушыларды құттықтаймыз!

Коронавирусқа жол жоқ!

Ағымдағы айдың 13 жұлдызында ауыл медбикесі Досмакова А.А.  Короновирустың белгілері, алдын-алу шарттарын оқушыларға түсіндірді.

“Маусымашар – 2020”

Ақпанның 3-10 жұлдызы аралығында Нұр – Сұлтан  қаласында өтіп жатқан “Маусымашар – 2020” төрін мектебіміздің “Бері қара” квн командасы бағындырып жатыр. Командамызға сәттілік тілейміз!Тек қана алға!